Актуалды курстар
Қазіргі уақытта тіркеуге болатын халықаралық біліктілікті арттыру курстары

2026 жылдың 29 маусым мен 4 шілде аралығында Түркия елінің Анталия қаласында халықаралық курс-тренинг өтетінін хабарлаймыз! Курсты «Алтын ғасыр» зияткерлік-дамыту орталығы Анталия қаласы әкімдігінің (Antalya Büyükşehir Belediyesi) қолдауымен ұйымдастырады. Курс тақырыбы: «Жаһандық құзыретті педагог: AL, халықаралық әдістер 21 ғасыр дағдылары». Тренерлер – Akdeniz университетінің ғалым-оқытушылары Аталған курс педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, халықаралық стандарттарға сай сабақ құруға және заманауи құралдарды тиімді қолдануға үйретуге бағытталған. Аталған халықаралық курсқа ЖОО оқытушылары мен мектеп-колледждің мұғалімдерін, оқу-өндірістік шеберлерін және әдіскерлерін қатысуға шақырамыз! Курс қорытындысы бойынша қатысушыларға белгіленген академиялық сағат көлемін қамтитын халықаралық сертификат табысталады.
Бағасы: 550 000 тг